Русский Сайттың толық нұсқасы

Вице-министр Серік Нокин өз еркімен қызметінен босатылды

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2014
  • 1532

Үкімет құрамындағы жаңа тағайындау. Ақмола облысының бұрынғы әкімі Қосман Айтмұхаметов Өңірлік даму министрінің жаңа орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ақпарат министрліктің сайтында жарияланған. Ал осы күнге дейін вице-министр қызметін атқарған Серік Нокин, осы ақпаратқа сүйенсек, өз еркімен қызметінен босатылған.

2002 жылы Нокин Атырау облысы әкімінің орынбасары, 2006 жылы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды. 2008-2009 жылдары Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 2013 жылдың ақпанынан бастап, ҚР Өңірлік даму вице-министрі болды. Оның жаңа қызметке тағайындалуы туралы әзірге дерек жоқ.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА