Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуроодақ Нигерияның «Боко Харам» ұйымын лаңкестік ұйым деп атады

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2014
  • 1543

Еуроодақ «Боко Харам» тобын террористік ұйымдар қатарына қосты. Нигерия президенті Гудлак Джонатанның аталған топ мүшелерінің көзін жою керектігі туралы үкімінен кейін, оларды құрықтау кең ауқым алды. Тіпті, арнайы әскери шара басталып кетті. Ел билігі бұндай қадамға «Боко Харамның» көптеген қылмыстық іс әрекеттерінен кейін барып отыр.

Айта кетейік, қылмыстық топ соңғы рет 276 нигериялық оқушыны ұрлап кеткен болатын. Олар әлі күні «Боко Харамның» қарамағында. Топ мүшелері: «Батыстың білім беру жүйесі елге керек емес, оқушы қыздар мектептен кетіп, отбасын құрулары керек», - деген талап қойған болатын.

Бүгінде Нигерияның бірнеше штаттарында төтенше жағдай жарияланған. Аджуба қаласында ұрланған оқушылардың ата-аналары күн сайын наразылық шараларын өткізуде. Олар билік тарапы қол қусырып, ешқандай шара қолданып отырған жоқ дейді.

Жұрағат БАМАН