Русский Сайттың толық нұсқасы

Путин G7-ге «тілегін» айтып жіберді

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2014
  • 1114

Владимир Путин «жетілік» лидерлеріне мысқылдап «ас дәмді болсын» - деген тілек тіледі.

Айта кетейік, Ресейдің өзі G7 саммитіне қатысқан жоқ. Жиынның басты тақырыбы - энергетикалық қауіпсіздік мәселесі болатын. Алайда «жеті ел» лидерлері мұны саяси мақсатта қолдануға болмайтындығы туралы уағдаластыққа келген. Бұл жөнінде Брюссельде өткен G7 саммит тобының қортынды декларациясында айтылды.

«Жетілік» лидерлері энергетикалық нарықты нығайтып, газ саласын дамытуды көздеуде. Яғни, төтенше жағдайларда, энергия көздері іркілген кездерде энерготиімділікті арттыратын жүйе жасамақ. Жалпы, энергетикалық қауіпсіздік мәселесі - саммиттің екінші күнінің басты тақырыбы болды.

Айта кетейік, Еуропа елдерінің көп бөлігі ресейлік жанармайға мұқтаж. Ал соңғы кездегі Еуропа мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас жағдайды одан әрі ушықтыра түсуі мүмкін.

Жұрағат БАМАН