Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте бірден нан бағасы қымбаттап кетті

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2014
  • 1094

Шымкентте бірден нан бағасы қымбаттап кетті. Бірнеше күн бұрын ғана 35 теңгеден сатылып келген бөлке нанның данасы қазір 50 теңгеге жеткен. Ал кей түрлері тіпті 70 теңгеден саудалануда. Бұл туралы оtyrar.kz жазады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, шымкенттіктер бұл жағдайға қатты алаңдаулы. Өйткені «баға өсімі әдетте наннан басталады», - дейді. Бұған дейін облыстық әкімдік өкілдері нан бағасының шарықтауына жол бермейміз деп уәде еткен екен. Іс жүзінде олай болмай шыққан. Сатушылардың өздері нанды наубайханадан 45 теңгеден алатын алса керек. Дегенмен, билік өкілдері, наубайханаларға арзан ұн үздіксіз жеткізіліп жатыр, сондықтан ас атасының құнын аспандатуға еш себеп жоқ, деп отыр.

Илхам ИБРАГИМ