Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемендіктер Ресейдің Алтай өңіріне көмек көрсетуде

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2014
  • 1272

Шығыс Қазақстан облысынан аттанған көмек керуені бүгін Алтай өлкесіне жетті. Табиғат апатынан зардап шеккендерге шығыс қазақстандықтар азық-түлік пен киім-кешек жиып берді. Алтай өңіріне 13 тонна ұн мен 100 төсек-орын жабдығы, қаржылай көмек пен өзге де қажетті тұрмыстық заттар жөнелтілді. Шығыс Қазақстан мен бұл өңірді ежелден достық қарым-қатынас байланыстырып келеді. Сондықтан, көршіге қысылтаяң шақта көмек қолын созған жерлестеріміздің игі бастамасын ел болып қолдады.

Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын Алтай өлкесінде қатты жауын жауып, орталықты топан су басқан болатын. Жергілікті тұрғындар мұндай жағдай осыдан 45 жыл бұрын болған деседі. Әлі 4 мың тұрғын үй қауіпті аймақта қалып отыр. 12 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Аймақта әлі де төтенше жағдай сақталуда. Қазақстаннан жеткен тұрмыстық заттар зардап шеккен азаматтарға таратылып берілді.

Борис Ларин, РФ Алтай өлкесіндегі адам құқықтары жөніндегі өкіл:

Біз бүгін көршілерімізден келген көмекті күтіп алдық. Осындай қысылтаяң сәтте бізге көмек қолын созған шығыс қазақстандықтарға ризамыз. Біздің көршілер арасындағы бірлік қарым-қатынастың арқасында біз бауырлас халық болып кеттік.

Қанат ОРАЛБЕК