Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы-Талдықорған тас жолында болған апаттан 4 адам көз жұмды

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2014
  • 1439

Алматы облысында жол апатынан опат болғандар саны төрт адамға жетті. Он сегіз адам жарақаттанған. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, апат Алматы-Өскемен тас жолының 39-шақырымында Әли ауылының маңында болған. Алматыдан Талдықорғанға бет алған Mercedes Benz Sprinter мен Toyota Granvia бетпе-бет соқтығысқан. Жеңіл көлікте болған төрт жолаушы қаза болды. Зардап шеккен шағын автобус жолаушыларының саны 18-ге жетті. Оның ішінде 14-15 жастағы екі бала бар.

Алдын ала болжам бойынша апатқа Toyota Granvia көлігінің жүргізушісі кінәлі. Апат орнында полиция қызметкерлері мен дәрігерлер жұмыс істеуде.

Мөлдір БАҚЫТ ҚЫЗЫ