Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада жол апатына қайтыс болғандардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетіледі

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2014
  • 1287

Қызылорда облысында 7 мамыр күні орын алған апатта қайтыс болып кеткен 11 азаматтың отбасыларына бір миллион тенгеден, түрлі жарақат алған кісілерге 500 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілетін болады. Қаражат бюджеттен тыс көздерден бөлінеді. Бұл туралы аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қайтыс болған жандардың туыстары мен жапа шеккендерді қабылдаған кезінде айтты.

Еске сала кетейік, жол-көлік апаты «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай елді мекені тұсында орын алған еді. Мерседес Спринтер шағын автобусы мен Тойота Ланд Крузер Прадо көліктері соқтығысып, 11 адам қаза тапты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, жапа шеккендердің отбасына қаржылай көмектен бөлек, қажетті әлеуметтік қолдау көрсету көзделген. Мәселен, ата-анасынан айырылған мектеп бітіруші түлекке облыс әкімінің оқу гранты берілетін болды. Ал облыстық медицина орталығында ем алып жатқан науқастардың жағдайы бірқалыпты, оларға жан-жақты медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, зерттеу жүргізіліп жатыр.

Шарипа САҚТАПОВА