Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте нан бағасы қайта қалпына келе бастады

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2014
  • 1226

Шымкентте нан бағасы қайта қалпына келе бастады. Таңғы жаңалықтарымызда айтқанымыздай, кеше бір күнде 15 теңгеге қымбаттаған әлеуметтік нанның нарқы бүгін түсті. Мұның себебін наубайханаларға тікелей ұн жеткізуші оператордың 97 млн теңге көлік шығынының уақытылы төленбеуінен деп түсіндірді жергілікті шенеуніктер.

Гүлжан Құрманбекова, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

Ол бойынша үкіметтің қаулысы бекітілуі керек болатын. Ол жерде осы көлік шығындарын субсидиялау бойынша өкіметтің қаулысын күткен болатынбыз. Сол бір-екі аптаға кешігуіне сәйкес, ол кісі сол көлік шығынын төлеу бойынша ұнды бермейміз деп, кеше алдымызға қойған болатын. Ол бойынша келісім-шарт түзіліп, меморандум жасалып, бір-екі аптада үкімет қаулысы шыққасын, ұнды өз бағасына сататын боп келістік.

Жалпы, Шымкентте 33 наубайхана әлеуметтік нан жабумен айналысады. Барлығында арзандатылған бағадағы ұнмен «Атамекен» корпорациясы қамтамасыз етеді. Ал, кешегі тәулікте аяқ астынан көптеген дүкендерде бөлке нан елу теңгеден сатылған болатын. Ал бүгін таңертеңнен бастап ас атасы қайта 35 теңгеден сөреге шығырылды. Дегенмен, кейбір сауда нүктелерінде 40 теңгеден де сатылып жатыр. Мұның мәнісін шенеуніктер өткен тәуліктегі нарықтық бағада алынған ұн бағасымен байланыстырып отыр. Сондай-ақ, әлеуметтік нанмен барлық дүкендер бүгін толық қамтылып жатыр деген мәлімдеді.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ