Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуропа орталық банкі дефляцияға қарсы ауқымды шараларды қолға алмақ

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2014
  • 1229

Еуропа орталық банкі депозиттер бойынша жылдық жарнаны 0,15%-ға дейін төмендетіп отыр. Бұл шешім депозиттер бойынша өсім пайдасын ең төмен нүктеге әкеліп тіреді.

Еуробанк басшысы Марио Драги қаржылай-несиелік саясаттың тағы жеңілдетілетіні жайында айтты. Оның ойынша, қабылданған шаралардың барлығы дефляциямен күресте оң септігін тигізіп, экономиканың тежелуін тоқтатпақ. Еуростаттың таратқан ақпаратына сай, еуроаймақта мамыр айында инфляция деңгейі 0,5% көрсеткішінде тұрақтаған.

Сонымен қатар, еуроның долларға шаққандағы деңгейі осыдан бірнеше жыл бұрын тіркелген максималды көрсеткіште тұр. Қаржылық салада жеңілдіктерге қол жеткізу үшін Еуропа орталық банкі активтермен қамтамасыз етілген құнды қағаздарды жаппай сатып алуға көшті.

Сондай-ақ, орталық банк құнды қағаздар нарығындағы сауда стерилизациясын тоқтатты. Марио Драги бұл шешімді инфляция деңгейінің төмендігімен түсіндіріп отыр. Өзгерістердің барлығы еуробағамының күрт төмендеуіне әкеліп соқты. Алайда төмендеу ұзаққа созылмады.

Марио
Драги, Еуропалық орталық банк төрағасы:

Біз несиелендіруді қолдайтын және ынталандыратын бірқатар шаралар қабылдадық. Инфляция деңгейінің осыншама төмен болуы азық-түлік, энергия және валюта бағамы өсімінің төмендігіне байланысты. Сонымен қатар
, сұраныс та тұрақты төмен деңгейде.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ