Русский Сайттың толық нұсқасы

Ноттингем турнирінде Зарина Дияс ширек финалға жолдама алды

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2014
  • 1102

Теннистен Ұлыбританияның Ноттингем қаласында халықаралық турнир жалғасуда. Дәрежелі жарыста сынға түсіп жатқан Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс ширек финалға жолдама алды. Екінші айналымда отандасымыз жарыс иесі Наоми Броудиді екі сетте айналып өтті. Енді Дияс АҚШ спортшысы Мелани Одинмен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.



Теннистен Франция ашық чемпионаты жалғасуда. Әйелдер бәскесінде ақтық сынға шыққан спортшылар белгілі болды. Алғашқы ойында ресейлік Мария Шарапова Канада спортшысы Эжени Бушармен кортқа шықты. Кездесу басында көп қателескен Шарапова бірінші сетте 6-4 есебімен ұтылып қалды. Үзілістен кейін де алған бетінен қайтпаған Канада теннисшісі ұпай санын түгендеді. Дегенмен, шешуші сәтте тез жиналып, табандылығымен танылған Ресей спортшысы таразы басын теңестіріп кетті. Үшінші сетте де сауатты қимылдаған Мария Шарапова басымдығын нығайтты.

Өз кезегінде қарсыласының қарқынына төтеп бере алмай, жиі қателескен Эжени Бушар ақтық сын жолдамасынан құр қалды. Келесі кездесуде Румыния спортшысы Симона Халеп бен Германия теннисшісі Андреа Петкович ракетка түйістірді. Бұған дейін талай мықты спортшының сағын сындырған Халеп кездесуді сәтті бастады. Сәт сайын тура соққылармен ерекешленген Румыния теннисшісі бірінші сетте 6-2 есебімен басым түсті. Үзілістен кейін Петкович есепті теңестіру үшін аянып қалмады. Нәтижесінде спортшылар жеңімпазды тай-брейкте анықтады. Бұл сында қателікке бой алдырмаған Халеп үздік шықты. Енді финалда Шарапова мен Халеп бас жүлдені сарапқа салады. 

Самат ҚАНАҒАТОВ