Русский Сайттың толық нұсқасы

«Протон-М» зымыранының апатына байланысты комиссияның зерттеу жұмыстары аяқталды

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2014
  • 1079

Ресейде «Протон-М» зымыранының апатына байланысты комиссияның зерттеу жұмыстары аяқталды.

Зерттеу тобының басшысы Александр Данилюктің айтуынша, апат өндірістік ақаудың салдарынан болған. «Құрамында 20 адамы бар комиссия мүшелері зымыранды құрастыру барысында жіберілген ақау кейін құрылғының турбосорғышының істен шығуына әкеліп соқты деген шешімге келді. Бұл соңғы шешім, ешқандай толықтырулар болмайды деп ойлаймын», - дейді комиссия басшысы.

Еске салайық, «Протон-М» зымыраны үстіміздегі жылдың 16 мамырында «Байқоңырдан» ұшырылып, сапарының 546 секундында апатқа ұшыраған болатын. Бақылау құрылғылары басқару қозғалтқышындағы қысымның күрт төмендегенін көрсетті. Егер де комиссияның болжамы дұрыс болса, өндірістік ақауды Хруничев орталығының бөлімшесі Воронеж механикалық зауытының қызметкерлері жіберуі әбден мүмкін.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ