Русский Сайттың толық нұсқасы

БАҚ-на жалған ақпарат берген түлек Білім және ғылым министрінен кешірім сұрады

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2014
  • 1417

Петропавл қаласы Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернатының түлегі Айнұр Серік БАҚ-на берген жалған ақпарат үшін кешірім сұрады.

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің атына жазылған хат министрліктің ресми сайтында жарияланды. «2014 жылғы ҰБТ тапсырмаларының барлығы мектеп бағдарламасына сай сұрақтар. Барлық сұрақтардың дұрыс жауабы бар болды және дұрыс құрылмаған сұрақтар мүлдем болған жоқ», - деп түлек министрге жолдаған кешірім хатында жазады.

Еске салайық, петропавлдық талапкер Айнұр Серік ҰБТ сұрақтарының ішінде, сыра зауытының қай жылы ашылғаны туралы сұрақтың кездескенін телеарна арқылы айтып, бүкіл елді бір шулатқан еді. ҚР БҒМ-і Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиев Айнұрдың Қазақстан тарихынан тапсырған тест сұрақтарын әкеліп, журналистерге көрсеткен-ді. Сұрақтар арасында келеңсіз сұрақ жоқ болып шыққан. Жалпы, бүгін ҰБТ-ің соңғы күні. Еліміз бойынша биыл тест тапсыруға 92 мың түлек ниет білдірген.