Русский Сайттың толық нұсқасы

Бурабайда Мемлекет басшысының жетекшілігімен Шетел инвесторлары кеңесінің жиыны басталды

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2014
  • 818

Бүгін Бурабайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 27-ші жалпы отырысы жұмысын бастады. Жиын Елбасының Халықаралық бюро көрмесінің туын қабылдауымен басталды.

Отырыста Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығын жүзеге асыруға шетелдік инвесторлардың қатысуы мәселесі талқыланады деп жоспарланған.

Негізгі баяндамаларды Премьер-министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев пен Еуропа қайта құру және Даму банкінің президенті Сума Чакрабарти жасайды. Жиынға Азия даму банкі, Табиғи ресурстар жөніндегі Еуразия корпорациясы, «Baker&McKenzie», «Сбербанк», «BG Group», «General Electric», «ЛУКОЙЛ», «Cameco», «Shell» жетекшілері қатысуда. Екі күнге жалғасатын кездесу жайында толығырақ қорытынды жаңалықтарымыздан көре аласыздар.