Русский Сайттың толық нұсқасы

12 маусымда Бурабайда шетелдік инвесторлардың кезекті отырысы өтеді

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2014
  • 1162

12 маусым күні Бурабай курортты аймағында шетелдік инвесторлардың кезекті отырысы өтеді. Келелі жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Консультативтік кеңес Қазақстан Үкіметі мен шетелдік инвесторлардың тікелей диалог орнату және өзекті мәселелерді жедел шешу мақсатында құрылған.

Айта өтейік, Қазақстан Президенті өзі төрағалық ететін кеңес 1998 жылдан бастап жұмыс істейді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА