Русский Сайттың толық нұсқасы

Азат Перуашев: ЕАЭС аясында бірыңғай төлем жүйесі енгізілуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2014
  • 1219

Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай төлем жүйесі енгізілуі мүмкін. Бұл туралы "Ақ жол" фракциясының жетекшісі Азат Перуашев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер бірінші кезекте өздеріне қолайлы қаржы жүйесін қолданады. "Ал экономикалық одақтың бірыңғай төлем жүйесі болашақта тиімсіз болса, бизнесмендер шетелдік төлем жүйелерін таңдауы мүмкін", - дейді депутат. 

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Ақ жол" фракциясының жетекшісі:

Егер маған немесе кез-келген бизнесменге бірыңғай төлем жүйесі бойынша жұмыс істеу қолайлы болып жатса, біз соны таңдаймыз. Болмаса өзге де төлем жүйелері бар. Бүгінде Ресей және Қытаймен доллармен емес, сол елдердің валюталары арқылы төлем жасау мүмкіншіліктері қарастырылып жатыр. Қазіргі төлем операцияларынан пайда тауып отырған елдер көп. Бұл жүйені реформалау қажет.

Жұрағат БАМАН