"Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитеті төрағасының бұрынғы
орынбасары Арман Құмашев 4 жылға бас бостандығынан айырылды",- деп хабарлайды
Интерфакс-Қазақстан агенттігі.
Шенеунік 2013 жылдың тамыз айында қамауға алынған
болатын. Оған Сатпаев су арнасына алынған гидроқұрылғының құнын арттырып,
мемлекет қазынасының 1 миллиард 200 миллион теңгесін жымқырды деген айып
тағылып отыр.
Сонымен қатар, Құмашев бюджеттен аталмыш су арнасының жөндеу
жұмыстарына арналған 6 жарым миллиард теңгені қолды етпек болған.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ