Бүгін еліміз бойынша Ұлттық
бірыңғай тестілеу сынақтары аяқталды. Оның қорытындысына сай 20 мың 236 түлек
ең төменгі 50 баллды да жинай алмаған. Осылайша мектеп бітірушілердің 20 пайызы
жоғары білім алу мүмкіндігінен айырылды.
Бұл туралы Білім және ғылым
министрлігінің баспасөз хабарламасында айтылған. Барлығы 92 мың 86
түлек сынақ тапсыруға өтініш білдірген. Шекті 50 баллды жинай алмағандар 23,1%
құрайды. Яғни 20 мың 236 оқушы. 14,9% бітіруші, яғни 13 мың 137 түлек 100
баллдан жоғары жинаған.
Аудиторияға кіреберісте 37 мың 773 рұқсат берілмеген
заттар тәркіленді. Оның ішінде ұялы телефон, шпаргалка, калькулятор,
фотоаппарат, блютуз, сканер, рациялар болған. Орташа балл - 76,8%. Ең жоғары
көрсеткішке 4 түлек қол жеткізді. Олардың екеуі Алматы облысынан. Ал тағы екеуі
Оңтүстік Қазақстан облысының оқушылары.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ