Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда Ұлттық 365info.kz интернет-порталының тұсаукесері өтті

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2014
  • 1396

Қазақстанның ақпарат айдынында тағы бір жаңа портал іске қосылды. «365info.kz» деген атаумен жарық көрген ақпараттық, әрі сараптамалық мультимедиялық жобаның бүгін салтанатты түрде тұсауы кесілді. Сайт қазіргі заманның сұранысына орай, онлайн-телевизия форматында көрермен мен жалпы оқырман қауымға жол тартты.

Енді бір айдан кейін жоба жетекшілері телевизиялық студияға негізделген қондырғылар орнатып, тікелей эфирде хабарлар тарату мүмкіндігін ұсынбақ. Ол жердегі авторлық телевизиялық бағдарламаларға танымал телемамандар тартылып отыр. Мультимедиялық жоба мемлекеттік тілде ұлттық мүддеге сай тұщымды материалдар әзірлеуге қамданып жатыр. Ол үшін отандық ақпарат саласында ысылған, өз айтары бар журналистерден команда жасақталды.

Қайрат Мәтреков, «365info.kz» сайтының шеф- редакторы:

365 инфо-жаңа форматтағы онлайн телевизияны дамытатын жұмыс алаңы болып табылады. Алдағы уақытта атап айтатыны, бізде тиым салынған тақырып болмайды. Қоғамды мазалаған барлық тақырыптар осы жерде қамтылатын болады.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ