Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды дәмханаларының бірінде болған ірі өрт себебі анықталды

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2014
  • 1108

Қарағандыда дәмханалардың бірінде болған ірі өрт себебі анықталды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып, «КазИнформ» хабарлайды.

Мамандар өрттің шығуына сол мезетте дәмханада болған адамдар кінәлі екенін мәлімдеді. Келушілердің бірі ашық от көзін пайдалану кезінде қауіпсіздікті сақтамаған. Тілсіз жаудың тез тарауына ағаш еден, жұмсақ жиһаздар мен басқа да жанғыш материалдар әсер еткен.

Еске сала кетейік, 4 маусымда Қарағандыда орталық көшелердің бірінде өрт шығып, жалын әп-сәтте жақын тұрған дәмхана мен дүкенді де шарпып үлгерді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Салдарынан 800 шаршы метр аумақ күлге айналды. Оны сөндіруге 16 техника, өрт бөлімінің жеке құрамынан 69 адам тартылды.