Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-нда екі полицей мен қала тұрғынын өлтіргендер неонацисттер болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2014
  • 1136

Лас-Вегаста 3 адамды атып өлтірген ер адам мен әйел әсіреұлтшылдар болуы мүмкін. Олар тұрған пәтерді тексерген полицейлер свастика бейнелерін тапқан. Осыған қарап, адамдарға оқ атқан екеудің ұлтшылдар қозғалысымен байланысы болуы ықтимал деген болжам жасалды.

Еске салайық, күні кеше белгісіз жас жігіт пен бойжеткен дәмханада екі полицейді атып өлтірді. Сондай-ақ, супермаркетте жергілікті тұрғынды ажал құштырды. Оқиға Невада штатында болған. Полицейлермен болған атыста бойжеткен жігітін атып, соңынан өз-өзіне қол салған.

The Washington Post басылымы жазғандай, олар әсіреұлтшылдар болуы мүмкін. Ал жергілікті БАҚ-ның хабарлауынша, осы жылдың сәуір айында Ку-клукс-клан ұйымының бұрынғы мүшесі Канзас-сити маңындағы еврей орталығында екі адамды өлтірген. 2012 жылы Висконсиндегі сикхтер сарайында алты адам оққа ұшты. Мұнан бөлек, 2009 жылы Питтсбургте 3 полицей ажал құшты.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА