Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалық тұтынушылар коммуналдық қызметтер үшін 700 млн астам қарыз

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2014
  • 1126

Қызылордалық тұтынушылар коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны үшін 700 миллион теңгеден астам қарызданып отыр. Оның басым бөлігі - 462 миллионға жуық ақша - жылу беру қызметіне. Облыс әкімшілігінің аппарат мәжілісінде коммуналдық қызметтің қаржысын төлемей отырған мекемелер де аталды. Атап айтқанда, білім беру мекемелері.

Қарыздарын өтемегендері аздай, көп мекеме қазандықтарына жөндеу жұмыстарын бастамаған. Өз істеріне салғырттық танытып отырғандардың кесірі кезекті жылу беру маусымына дайындықты өз деңгейінде жүргізуге кедергі келтіруде. Өткен жылу беру маусымы жоспар бойынша орындалды. Яғни, қысты күндері жылусыз қалған мекеме мен тұрғын үй болған жоқ. Дегенмен, күрделі жөндеу жұмыстарының кеш аяқталуына байланысты жылуға 15 күнге кеш қосылған үйлер болды. Кемшіліктердің алдын алу мәселелері осы жиында сөз болды.

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:

ТЭЦ пен КРЭК, су жуйесі, осы коммуналдық кәсіпорындар басшылары, сіздерде өздерініздің несие ағымдарыныз болуы қажет. Еуропа банкімен жоғары менеджмент денгейінде қызмет етуге үйрену керек. Осы үш коммуналдық кәсіпорынның кем дегенде бір-бір жарым миллиардтай өз несиелік ағымы болуы керек
.

Шарипа САҚТАПОВА