Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайдағы Константин-Еленинск шіркеуінде зағип жандарға арналған екі икона пайда болды

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2014
  • 1088

Қостанайдағы Константин-Еленинск шіркеуінде зағип жандарға арналған екі икона пайда болды. Көркем кескіндеме осындағы қызметкердің төл туындысы. Ағаштан ойылып, түрлі бояумен көмкерілген кескіндеме көзі нашар көретін жандарға арналып жасалған. Сондықтан, кәдімгі иконадан сәл өзгеше.

Әйнекпен қапталмаған әулилелер бейнесіне арнайы орын бөлініп, қолмен ұстауға болады деген жазу жапсырылған. Шіркеуге келушілер, әсіресе, зағип жандар енді әулиелер бейнесін қолына алып, дұға-тілектерін оқып, құдайға жалбарынуға мүмкіндік жасалды, - дейді дін өкілдері.

Анатолий
, Қостанай және Рудный епископы:

Икона
- бұл құдайдың адамға көрінуі. Және о дүниедегі әлемнің шарайнасы. Егер, адам яғни зағип жан соны сезініп, жан-дүниесімен жалбарынса, құдай өмір сүретін бөгде өмірді көруіне жол ашылмақ.

Заңғар САНАЙ