Русский Сайттың толық нұсқасы

Бразилияда чемпионатқа дайындық кезінде тағы бір құрылысшы мерт болды

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2014
  • 1192

Сан-Паулудағы монорельс жолының құрылысында бір адам мерт болды. Оқыс оқиға кезінде тағы екі адам жарақат алды. «Апат монорельстің бір бөлігі сынып кетуінен орын алған», - деп хабарлайды ВВС.

Айта кетейік, ұзындығы 17,7 километр монорельс жолы әуежай мен метро аралығын түйістіруі керек-ті. Жалпы, құрылыс футболдан әлем чемпионаты қарсаңында бітуі тиіс болатын.

Алайда, құрылыс темпі бәсеңдеп, мердігерлер бастапқы жұмыс кестесінен қалып қоюда. Бұл кісі өлімімен аяқталған Әлем чемпионатына қатысты алғашқы оқыс оқиға емес. Бұдан бұрын футбол стадиондары құрылысы кезінде 8 адам бақилық болған.

Жұрағат БАМАН