Русский Сайттың толық нұсқасы

"Гүлнар тур" туристтері екі күннен бері ұша алмай отыр

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2014
  • 1544

Биылғы демалыс науқанын сәтсіз бастаған «Гүлнәр тур» компаниясы тағы да туристтердің қаһарына ұшырап отыр. 150-ге жуық ақтөбелік демалушылар 5 тәуліктен бері Түркияға жеткізетін ұшақты күтіп сарылуға мәжбүр. Шыдамы шегіне жеткен жолаушылар бүгін туристтік компанияның алдында наразылықтарын ашық білдірді.

Ирина Черней, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

«Гүлнәр тур» тек уәде берумен келеді. Таңертең, түсте, кешке келсең де, тек сылтауратады. Күн сайын дайын отырамыз. Міне ұшамыз ғой деп. Арамызда балалар бар. Бір жыл бойы осыны күттік қой. Демалыс күндерімізді сәйкестендіріп. 15 адам болып аттанғалы отыр едік Түркияға. Енді бара алмайтын болдық. Демалыс аяқталып келеді.

Туристтік компания өкілдері болса, ашуға булыққан туристтерді сабырға шақырып отыр. Айтуларынша, Анталиядан 6 маусым күні «Джэт Эйрлайнс» компаниясының ұшағы келуі тиіс еді. Бірақ жол бойында бұршақ жауып, әуе кемесінің терезесін сындырған. Ұшақ жөндеу жұмыстарына тоқтағандықтан, адамдардың бірнеше тәулік күтуіне тура келген. Осылай деп ақталған компания өкілдері бүгін Астана уақытымен 20 сағат 40 минутта жолаушылар Ақтөбеден Жерорта теңізіне бет алады деп сендірді.

Василий Смеляков, «Гүлнар тур» компаниясы Ақтөбе облыстық филиалының директоры:

Жолаушылардың Түркияда өткізуі тиіс уақыты сақталатын болады. Егер біздің тұтынушылар белгілі бір себептермен туристтік сапардан бас тартып жатса, төлеген ақшасын толығымен қайтарамыз. Әзірге бірде бір жолаушы сапардан бас тартып отырған жоқ.

Мансұр ЕСҚОЖИН