Русский Сайттың толық нұсқасы

Үндістанда ірі жол көлік апатынан кем дегенде 14 саяхатшы мерт болды

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2014
  • 1296

Ал Үндістанда ірі жол көлік апатынан кем дегенде 14 саяхатшы мерт болды. Уттаракханд штатында туристтер отырған автобус аударылып, көлге түсіп кеткен. РИА новости агенттігінің хабарлауынша, көлікте 13 Ресей азаматы болған.

Жергілікті полиция олардың екеуі қайтыс болып, біреуі із-түссіз жоғалғанын растап отыр. Үндістандағы Ресей дипломатиялық миссия өкілдігінің баспасөз хатшысы Татьяна Копылова жазым болғандардың нақты саны анықталуда дейді. Ал жергілікті БАҚ-тың соңғы ақпараты бойынша, 13 немесе 14 адам қайтыс болды. Тағы 12 адам ауыр жараланған.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА