Русский Сайттың толық нұсқасы

26-27 қарашада Астанада Энергетикалық Хартия конференциясының ХХV сессиясы өтеді

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2014
  • 1408

Осы жылдың 26-27 қарашасында Астанада Энергетикалық Хартия конференциясының 25- сессиясы өтеді. Жиын қорытындысы бойынша "Астаналық жол картасы" қабылданады деп жоспарлануда. "Аса маңызды құжат Энергетикалық Хартияның алдағы бес жылдық даму процесін айқындайтын болады", - дейді Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.

"Конференцияға төрағалық етуіміз Еуразия кеңістігінде энергоресурстарды өндіруші және тасымалдаушы ретінде маңызды рөл алатынымызға дәлел", - деп қосты ол. Айта өтейік, Энергетикалық хартия Еуразияның 50-ден астам мемлекетін біріктіріп отыр. Құжат 2009 жылы Рим қаласында қабылданған болатын. 

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Мұнай және газ министрі:

Біздің Қазақстан үшін өте маңызды деп есептейміз. Бір жағынан, Астананың үлесі де орасан. Ол Қазақстанның сондай құжатқа қол жеткізуі. Екіншіден, еліміздің дүние жүзіндегі энергетика саласында ауқымды нарықтың және энергетиканың өзінде белгілі елдердің бірі екендігін дәлелдейтін құжат деп есептейміз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА