Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада көше атаулары өзгереді

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2014
  • 2371

Елордада Шиелі, Алмалы деп аталатын көшелер пайда болады. Жалпы шаһардағы 23 көшенің атауы өзгереді. Бұл туралы ұсыныс Астана қалалық мәслихатында қабылданды. Қалалық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ербол Тілешевтың айтуынша, бірнеше ірі көшелердің атауы өзгереді.

Мәселен, Мирзоян көшесі Қаныш Сәтбаев көшесі болып деп алмастырылады. Мұнан өзге де бірқатар көшелерге Шыңғыс Айтматов, Бұқар жырау секілді ірі тұлғалардың есімдері беріледі. Сондай-ақ, жаңа салынған шағын аудандардағы кішігірім көшелерге жеміс-жидек, өсімдік атауларын беру ұйғарылды. Оның ішінде алмұртты, шиелі, алмалы секілді атаулар пайда болмақ. 

Ербол Тілешев, Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасының бастығы:

Шағын көшелерге беруге тура келді. Өйткені ол сол саяжай сияқты жер. Соған жаңағы өсімдіктердің атымен аталсын деп. Ал оларға үлкен кісілердің атын берсек, ол түсініспеушілік тудырады. Неге 500-ақ метр жерге осындай үлкен адамдардың атын бересіңдер дейді.

Жұрағат БАМАН