Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейдегі қуаңшылыққа байланысты әлемде бидай бағасы шарықтап кетуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2014
  • 1264

Әлемде бидай бағасы артып барады. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, баға өсімі Ресейдегі қуаңшылыққа байланысты.

Чикагодағы электрондық сауда-саттық нәтижесі көрсеткендей, астық бағасы 0,2%-ға артып отыр. Ал, Париждегі Euronext биржасында баға бірден 0,7% шарықтап кеткен.

Ресейлік аграрлық институттың бас директоры Дмитрий Рыльконың айтуынша, биыл аста-төк астық болмайды. Шамамен 93,5 миллион тонна мен 94 миллион тонна арасында астық жинап аламыз, дейді ол.

Айта өтейік, екі апта бұрын бидай көлемі 96 миллион тонна болады деп болжанған. Ал, Bloomberg агенттігіне сұхбат берген сарапшылар, биыл Еуроодақта егін бітік шығады деп отыр. Тіпті, көрсеткіш соңғы алты жыл ішіндегі ең жоғары болмақ. 145,9 миллион тонна.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА