Русский Сайттың толық нұсқасы

ЕАЭО шеңберінде өзара саудадағы әкімшілік кедергілер жойылады

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2014
  • 751

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өзара саудадағы әкімшілік кедергілер жойылады. Экономикалық ынтымақтастықтың жағымды жақтарын Орталық коммуникациялар қызметінде Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков тізіп берді.

Халық қалаулысы коммунистердің экономикалық одақтың құрылуын толық қолдайтынын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан үшін посткеңестік нарық ең жақын, әрі таныс сауда алаңы болып қала бермек.

Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХКП фракциясының мүшесі:

Ынтымақтастықтың сөзсіз ұтымды тұсы өзара сауда барысындағы әкімшілік кедергілердің жойылуы. Мысал үшін, қызметтер жөнінде айтсақ, заңды тұлғаның өз алдына жеке мекемесінің болуы міндетті емес. Бөлімше немесе өкілдіктің болуы жеткілікті.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ