Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте шағын орта бизнесті заңсыз тексергендер анықталды

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2014
  • 980

Шымкенттік кәсіпкерлер шаршап жүр. Олар жергілікті атқарушы органдардың тынымсыз тексеруі қажытты дейді. Шағын және орта бизнестегі қиындықтарды талқылауға құзырлы орган жетекшілері мен бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты. Кеңес мәжілісінде заңсыз тексерулердің көбейіп кеткендігі анықталғаны мәлімделді.

Ветеринарлық инспекция қызметкерлері, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау бөлімі, әкімдік өкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары "қара тізімнен" табылды. Прокурорлық қадағалау актісіне сай, биыл 500 заңсыз тексеріс күшін жойған. Әсіресе, құрылыс саласы үлкен кедергілерді бастан өткерді. Дегенмен, заң бұзғандарға тек тәртіптік жаза ғана берілген.

Батыр Ергешов, ОҚО прокурорының кәсіпкерлер құқығын қорғау ісі бойынша аға көмекшісі:


Мобильдік топқа үстіміздегі жылға 26 хабарлама келіп түсті. Кәсіпкерлердің құқығы бұзылғандығы немесе негізсіз тексерулер жүргізіліп жатқандығы туралы. Ол хабарламалардың 21-і өз дәлелін тапты, тексеру барысында. Заң бұзушылықтарды жою мақсатында 4 қылмыстық іс қозғалды. 8 заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіліп, тиісті лауазым иелері тәртіпшілікке тартылды.

Еркін ҚАРИН