Русский Сайттың толық нұсқасы

EXPO-2017 жобаларын әлемге насихаттау мақсатымен саяхаттап жүрген қазақстандық «Керуен» мотошеруі Парижге жетті

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2014
  • 1342

G-Global және EXPO-2017 жобаларын әлемге насихаттау мақсатымен саяхаттап жүрген қазақстандық «Керуен» мотошеруі Парижге жетті. 21 мамырда Астанадан шыққан байкерлер тобы 8000 шақырымға жуық жол жүріп, еліміздің EXPO-2017 туын ресми түрде қабылдау салтанатты рәсіміне тұспа-тұс Франция астанасына дәл келді.

Қазақстандық алты байкер Ресей, Финляндия, Дания, Норвегия, Швеция, Германия және Бельгия жерлерін жүріп өтті. Олар жол бойы кездескен жұртты еліміздің тарихымен, мәдениетімен таныстырып, экономикалық жетістіктеріміз бен ірі жобаларымызды насихаттады.

Енді мотошеру шілденің 6-сы - Астана күні қарсаңында елге оралуды жоспарлап отыр. Оған дейін алда Швейцария, Италия, Румыния, Түркия, Грузия және Ресей аумағынан өтетін 10 мың шақырымдық жол бар.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ