Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-нда Өрел мен Арасан өзендері тасып, 3 көпір мен 1 тас жолды су шайып кетті

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2014
  • 2224

Шығыс Қазақстан облысында Өрел мен Арасан өзендері тасып, 3 көпір мен Өскемен-Рахмен автожолын су шайып кетті. Арнайы комиссияның есебі бойынша көпірлер мен жолды қалпына келтіру үшін 500 миллион теңге қаражат керек. Абырой болғанда зардап шеккен ешкім жоқ.

Төтенше жағдай қызметкерлері дер кезінде қимылдап, бірнеше отбасы өзен жағалауынан қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір арнайы комиссия құрылып, су шайып кеткен үш көпір мен тас жолдарға келтірілген шығын есептеліп жатыр.

Алдын ала жасалған деректерге сүйенсек, кем дегенде 500 миллион теңге қаражат қажет. Ауданда көпірлерді қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Бұқтырма өзеніндегі су деңгейі таудағы қардың еруінен көбейген. Биыл күннің салқын болуына байланысты жылдағыдан жай еріген тау суы өзенді тасытып жіберген. Сала мамандарының айтуынша, өңірде қазір тасқын қаупі сейілген.

Айта кетейік, мамырдың аяғында аймақта қатты жауын жауып, бірнеше өзен арнасынан тасыған болатын. Сол кезде дәл осы Қатонқарағай ауданының Берел ауылы мен Рахмен қайнарлары демалыс кешенінің ортасындағы көпірді су шайып, 50 турист қарасудың қамауында қалған. Төтенше жағдай қызметкерлері дереу қимылдап оларды тікұшақпен қауіпсіз жерге көшіргені мәлім.

Дәурен Тілеубаев, Қатонқарағай ауданының әкімі:

Тез қимылдаудың арқасында бірнеше отбасы көшірілді. Зардап шеккен ешкім жоқ. 3 көпірді шайып кетті. Қалпына келтіреміз. Енді
, әсіресе, Жамбыл мен Өрел арасындағы көпір. Адам қатынасы үшін өте қажет.

Қанат ОРАЛБЕК