Қазақстанның
«Ақпаратқа қол жетімділік туралы» заңы халықаралық дәрежеде жоғары бағаланды.
Бұл туралы Женевада өткен дүниежүзілік форумда белгілі болды. Халықаралық
электронды байланыс одағының Бас хатшысы Мәжіліске арнайы алғыс хат
жолдаған. Форум қатысушылары Мәжілістің
азаматтар үшін қолайлы ақпараттық орта құру бағытындағы елеулі күш-жігерін
айрықша атап өткен.
Мұхтар
Ерман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Ақпарат
қол жетімді болу керек. Бұдан былай ақпаратты беру-бермеу, деректерді ашу-ашпау, не болмаса жария ету, не етпеу деген мәселе жоқ. Заңның талабында анық жазылған.
Біздің алдымызда көптеген жұмыстар әлі бар. Ең басты мәселе - осы заңның
мазмұнын, заңның нормаларын халыққа жеткізе білуіміз керек.