Русский Сайттың толық нұсқасы

Владимир Путин мен Петр Порошенко Украинадағы дау-дамайды бейбіт жолмен шешу жайында талқылады

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2014
  • 1118

Украинадағы дау-дамайды бейбіт жолмен шешу жайын Ресей мен Украина басшылары талқылады. Петр Порошенко мен Владимир Путин телефон арқылы екеуара әңгімеде осы мәселені сөз етті. Бұл жөнінде Кремльдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әңгіме қозғауға алдымен Украина тарабы ниет білдірген. Хабарламада айтылғандай, Ресей басшысы Киевтегі, Луганск мен Донецк облыстарындағы әскери операцияларды жылдам тоқтату төңірегіндегі ойларын жеткізген. Ал Петр Порошенко, өз кезегінде, өршіген өртті басып, бейбіт бағытта жұмыстар жүргізу жоспарының барын айтқан.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА