Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда жемқорлыққа қарсы жаңа стратегия пайда болмақ

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2014
  • 1395

Қазақстанда жемқорлыққа қарсы жаңа стратегия пайда болмақ. 10 жылға есептелген кешенді бағдарлама келесі жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды. Бұл жөнінде қаржы полициясында өткен жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында айтылды.

Экономикалық қылмыстармен және жемқорлықпен күрес агенттігі төрағасының орынбасары Андрей Лукин стратегия жобасының желтоқсанда толық дайын болатынын жеткізді.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың қаңтарында халыққа арнаған Жолдауында аталған құжатты әзірлеу жөнінде Үкіметке тапсырма берген болатын. Сондай-ақ мемлекет басшысы жемқорларды анықтап, жазалаумен ғана шектелмеу қажеттігіне тоқталған. Яғни сыбайластықтың алдын алу бағытында жаңа құқықтық механизмдер қалыптасуы қажет.

Шолпан Әйтенова, "Экономикалық зерттеулер, бағалау және мониторинг орталығы" ҚҚ өкілі:

Ақпаратқа қолжетімділік туралы заң қабылдану керек. 10 жылдан бері ол заң талқыланумен келеді, бірақ әлі қабылданбады. Дамыған елдердің барлығында мұндай заң бар. Ол жемқорлықтың алдын алуда өте маңызды. Екіншіден, адамдардың сана- сезімін өзгерту керек.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА