Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау жастары арасында Құран аяттарын мәнерлеп оқудан жарыс өтті

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2014
  • 1748

«Құран - рухтың қуаты». Атырау жастары арасында Құран аяттарын мәнерлеп оқудан жарыс өтті. Айлардың қасиеттісі саналатын Рамазан айы қарсаңында өткен жарысқа 12 мен 30 жас аралығындағы 25 сайыскер қатысты. Олар екі топқа бөлінді. Біріншісі - Құранды жатқа оқитындар, олардың зейіні мен есте сақтау қабілеті сыналады. Ал екінші топ мәнерлеп, әуендете оқу өнерін көрсетеді.

Шараға жастар істері басқармасы мен жастар ресурстық орталығы ұйытқы болды. "Басты мақсат - додаға түсу емес, жастарды имандылыққа тәрбиелеп, жүрегіне Құран сақтаған жастардың білімін одан әрі дамыту", - дейді ұйымдастырушылар.

Батыржан Мансұров, Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің бас имамы:

Жастар арасында Құранды толық жаттаған жастар да бар, жартысына дейін жаттаған жастар да бар. Бұрындары Құран жаттау арман болса, бұрындары Құран үйрететін ұстаз болмады. Егемендігіміздің арқасында көптеген мешіттерімізде Қазақстан барлық облыстарында қазір шәкірттер тәрбиелеу, Құран жаттату жақсы қалыптасып келеді.

Базаргүл ІЗІМОВА