Русский Сайттың толық нұсқасы

Ирак провинцияларындағы ахуалға қатысты еліміздің СІМ алаңдаушылығын білдірді

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2014
  • 1175

Ирак провинцияларындағы ахуалға қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі де өз алаңдаушылығын білдірді. "Қазақстан террорлық топтардың бірқатар қалаларды басып алуына және босқындар санының артуына алаңдаулы" - делінген министрліктің бүгін таратқан мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, сыртқы саясат бойынша мекеме "Ирак және Левант ислам мемлекеті" террорлық тобының Мосулдегі түрік консулдығы қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін кепілге алуын айыптап отыр. Сондай-ақ бейбіт демократиялы, өркениетті ел қалыптастыру жолында Ирак үкіметі мен халқына қолдау танытты.