Русский Сайттың толық нұсқасы

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев үш баланың әкесі атанды

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2014
  • 2410

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев үш баланың әкесі атанды. Былғары қолғап шебері бүгін жаңа туған нәрестесін алғаш рет құшағына алып, шексіз қуанышқа кенелді. Дүние есігін ашқан жас нәресте атақты спортшының үшінші қызы. Салмағы үш жарым келіге жуық сәби тоғызыншы маусымда туды.

Анасы мен кішкентай бөбек өздерін жақсы сезінуде. Оларды перзентханадан шығарып алуға жұбайы мен туыстары және көптеген достары келді. Әзірге бүлдіршінге ат қойылмапты. Бірақ міндетті түрде оның есімі "А әрпімен басталады" дейді ата-анасы. Өйткені бүған дейінгі қыздарының есімдері Аққу мен Алуа. Даңқты чемпион өз балаларының үлкен спорт жолына түскенін қаламайды, бірақ кішкентай кезінен спортқа деген сүйіспеншілікпен тәрбиелеймін деп отыр.

Серік Сәпиев, олимпиада чемпионы:

Бақыттымыз. Үлкен қуаныш, біздің жанұямызда. Біздің қыздар, біздің балалар қай жолды таңдайды, біз тек қолдаймыз.

Мөлдір Сәпиева, жары:

Бойы 52, салмағы 1-4-те 300 болып туылды. Әуел баста Айсұлу деп қоямыз деп ойлағанбыз, енді білмейміз. Ойланып жатырмыз күйеуім екеуіміз.

Заңғар САНАЙ