Русский Сайттың толық нұсқасы

Каспий тасиды деген қауіптен кейінгі ахуал

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2014
  • 1253

Атырауға теңіз суынан төнген қауіп толықтай сейілді. Қазіргі таңда Каспийдегі су деңгейі 94 см-ге дейін төмендеген. Төтенше жағдай департаментінің мамандары уайымдауға еш негіз жоқ деп халықты сабырға шақыруда.

Марат
Құрманов, Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Бүгін теңіз деңгейі 94 см-ді көрсетіп тұр. Болжам бойынша су 112 см-ге көтеріледі деп күтілген еді. Яғни
, қазір облыстағы жағдай тұрақты. Желдің жылдамдығы секундына 1-2 метрге жетеді. Дегенмен, Төтенше жағдайлар департаментінің күші мен жабдықтары кез келген уақытта сақадай сай тұр.

Айта кетейік, маусымның 15-і және 16-сы күндері теңіздегі су деңгейі 128 см-ге дейін көтеріледі, деп ескерту жасалған болатын. Аймақтағы 6 елді мекенді су шаю қаупі төнген. Қауіпсіздік шаралары бірден қолға алынып, Каспий теңізі мен Жайық өзенінің шамамен 5 мың шақырымға жуықтайтын жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілді. Апаттың алдын алуға 3 жарым мыңдай адам мен 500-дей техника жұмылдырылды. Дегенмен, су деңгейі 111 см-ден асқан жоқ.

Базаргүл ІЗІМОВА