Атырауда қара уылдырықты заңсыз
саудалап, оңай олжа таппақ болған қала тұрғыны ұсталды.
1985 жылғы азаматтың «Нива» көлігінен бекіре
тұқымдас балықтың уылдырығы табылды. 10 келі
қара уылдырық 20 полиэтилен құтыға салынған. Ал күдікті бұл «олжаны» Каспий жағасынан, қамыс арасынан тауып алдым дейді. Айта кетейік, қазір нарықта
уылдырықтың бір келісі 150 мың теңгеден кем емес.
Каһарман Жәрдемов, Атырау облыстық қаржы полициясының
басқарма бастығы:
Қаржы полициясы табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесе жүргізген жедел
алдын алу шарасының барысында Атырау қаласының тұрғыны ұсталды. Тергеуалды тексеру жұмыстары басталды. Балықтың қайдан
ауланғаны анықталады.
Базаргүл ІЗІМОВА