"Нұр
Отан" партиясы Ұлттық медициналық холдинг қызметкерлерін кәсіби
мерекелерімен құттықтады. Бүгінде холдингте бір жарым мыңнан астам адам жұмыс
істейді. Олардың 400-ге жуығы дәрігерлер. Соңғы үш жылда кардиохирургиялық
орталықта жүрекке 5 рет ота жасалған.
Бүгінде "Нұр Отан" партиясы
қатарында 80 мыңға жуық медициналық қызметкер бар. Жалпы партия денсаулық
сақтау саласына көп көңіл бөледі. Айта кетсек, 5 жылдың ішінде "Ұлт
денсаулығы" жобасы аясында 600 медициналық нысан салынып, дәрігерлердің
жалақысы 2,3 есеге өскен.
Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан
Байбектің айтуынша, елдегі медициналық саланың сапасы жылдан жылға артып
келеді. "Тұрғындардың медициналық қызметке қанағаттануы 87 пайызға жеткен", - деді Бауыржан Байбек.
Бауыржан Байбек,
"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Сіздер бар болғаны
3 жылдың ішінде үлкен нәтижелерге қол жеткіздіңіздер. Қазіргі таңда холдинг әлемнің үздік ұйымдарының отыздығына, тіпті
ондығына кіреді деп айтсам артық кетпеспін. Яғни Қазақстанда бүгіннің өзінде
әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіретін салалар бар деген сөз.
Жұрағат БАМАН