Қарағандыдағы Хафиз Мақажанов атындағы клиникада бірегей операциялар жасала
бастады. Ота адам терісіндегі ақауларды аллофибропласттар арқылы емдеуге
негізделген. Алғашқы нәтижелер
дәрігерлердің өзін де таңқалдырды. Бұл әдіс тіпті ауыр халдегі науқастарға
көмектесуде. Алматы биотехнология институтының ғалымдары әзірлеген препараттар
ана құрсағындағы баланың жолдасынан алынған.
Дәрігерлер табиғи заттың нәтижесі
керемет дейді. Айтуларынша, оларды қолданған кезде трансплантталған тері тез
бітіп, жараның жазылу процесі жылдамдайды. Өйткені фибропласттар пациенттің
өз жасушаларының құрылуына жол ашады. Мына суреттерде бір науқастың отаға
дейінгі және операциядан кейінгі кейпі бейнеленген. Денені 60-70 пайыздық күйік
шалған жағдайда да, жылдам жазуға сеп болады деп отыр.
Өндіріс аймағы болып
табылатын Қарағанды үшін бұл таптырмас ем болып отыр. Дегенмен, дәрігерлер
ем-домның қымбат екенін де жасырмайды. Аталған клиниканың науқастары үшін
тегін. Мекеме бір дозасы үшін 76 мың теңгеге шығындалып отырғандарын айтады.
Бұл терінің 2% зақымдануына ғана кеткен қаржы деді. Болашақта Қарағандыда
фибропласттарды өндіру ісін қолға алу жоспарда бар екен.
Андрей Филиппов:
Мен өрттен кейін аурухана түстім.
Маған жәрдемдеседі дегенге сенетінмін. Әрдайым үміттендім. Енді өзімді жақсы
сезінудемін.
Василий Мокренко, Х.Ж.Мақажанов атындағы облыстық ортопедия және
травматология орталығының күйік бөлімінің меңгерушісі:
Біздің нәтижелер жағымды. Егер
өндіріс Қарағандыда ашылса, оның бағасы да арзандайды. Сол кезде оны қолдану
аумағын кеңейтуге болады. Мәселен, балалар күйігі мен жаралардың бетін емдеуге
болады.
Қарағандылық дәрігерлер ем алушылар үшін тағы бір жаңа қызметті іске қосты.
Қалада соңғы талапқа жауап беретін колл-орталық ашылды. Ол «Жедел желі»
принципі бойынша жұмыс істейді. Алайда бастапқысы сияқты ақпарат жинаумен ғана
шектелмейді. Проблемаларды шешуге негізделген. Онлайн режимде
жүргізілгендіктен, бірден шешу жолдары іздестіріледі. Көбіне тұрғындар
емханалардағы ұзын сонар кезек пен сапасыз медициналық қызметке арыздануда.
Раиса Яркова, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім
басшысы:
Біз үкім шығаратын орган емеспіз. Барлық түскен шағымды тыңдап, оларды
шешуге көмектесеміз. Арыздар бойынша нақты жұмыстар жүргізіледі.
Әсемгүл
МҰХИТҚЫЗЫ