Русский Сайттың толық нұсқасы

Үрімшіде тағы ондаған адам өлім жазасына кесілді

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2014
  • 1218

Қытайда лаңкестік әрекет жасады деп айыпталған тағы 13 адамға өлім жазасы тағайындалды. Олардың барлығы Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданындағы террорлық әрекеттерге қатыстылығы үшін сотталды. Ең ауыр жазаға кесілгендердің үшеуі 2013 жылы Үрімшіде терракт ұйымдастырған. Ол кезде 24 адам қаза болған еді.

Айта өтейік, Қытайдың Шыңжаң өлкесінде террорлық әрекеттер жиілеп кетті. Соңғы рет Үрімшідегі базарлардың бірінде жарылыс болып, 30-дан астам адам ажал құшты. Іле-шала Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзинь Пин «лаңкестерді қатаң жазалауға» уәде беріп, Үрімші аумағында террористерге қарсы операция басталды.

Илхам ИБРАГИМ