Қазақстанда нағыз аптап ыстық басталады. Алдағы күндері
елімізде күн қатты ысып, кей өңірлерде
термометр көрсеткіші 40 градусқа дейін жетеді.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, ауа температурасы
қалыпты жағдайдан 5ºС-қа дейін көтеріледі. Әсірісе, еліміздің оңтүстігінде күн шамадан тыс ыстық болады деп
болжануда. Осы аптаның сенбісінде Қызылордада сынап бағанасы 40 градусқа
жетеді.
Ал Шымкентте ең ыстық күн - жұма күні
тіркеліп, ауа температурасы 35 градус шамасында болады. Алматыда 28-30 градус төңірегінде. Республиканың тек
солтүстігінде және шығысында, сондай-ақ, 19 маусымда батыста кей жерлерде күн
күркіреп, найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.
Илхам ИБРАГИМ