Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау тұрғындары шұғыл түрде көшуге дайын отыру туралы нұсқау алды

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2014
  • 1137

Каспий теңізі тасып, Атырау облысын су шаюы мүмкін. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға құжаттары мен киім-кешек, азық-түліктерін жиып, эвакуацияға дайын отыруды ескертті.

Гидрометеоорталығының мәліметтері бойынша, 15-16 маусым күндері Пешной поселкесінде Каспий теңізінде су деңгейінің шамадан тыс көтерілуі күтілуде. Салдарынан жағалаудан 5-6 шақырым аумақты су басуы мүмкін. Қазір қауіп төнген аймақтарға тәулік бойы кезекшілік қойылған.

Тасқын Атырау қаласы, Еркінқала, Атырау, Кеңөзек, Дамбы ауылдық округтері мен Исатай ауданы Зинеден және Жанбай елді мекендерін басуы мүмкін. ТЖ саласы мамандары тұрғындарға кез келген уақытта көшіп кетуге дайын болуды ескертіп жатыр.

Базаргүл ІЗІМОВА