Русский Сайттың толық нұсқасы

Каспийде су деңгейі 103 см көтерілді

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2014
  • 1171

Қазір ғана келіп түскен дерек бойынша, Каспий теңізінде судың деңгейі 103 см-ге көтерілді. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы хабарлады.

Судың бұл деңгейі қалыпты нормадан жоғары. Ал 120 см-ге көтерілсе, жағалаудағы елді мекендерді су басуы мүмкін. Мамандар бүгін таңертең Каспийдегі судың деңгейі 128 см-ге көтеріледі деп болжап, халықты эвакуацияға дайындаған еді.

Илхам ИБРАГИМ