Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкент пен Таразда жер асты дүмпулері сезілді

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2014
  • 816

Демалыс күндері Шымкент пен Тараз қалаларында күші 2-3 баллдық жер асты дүмпулері тіркелді. Зілзала ошағы Алматының оңтүстік батысынан 888 шақырымдық қашықтықта орналасқан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жер сілкінісі маусымның он төртінде таңғы он шамасында Ауғаныстанда болған. Ал оның толқындары қашықта орналасқан Шымкент пен Таразда сезіліп отыр. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы дерек жоқ.

Айгүл ӘДЕПБАЙ