Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда сармат дәурінің құнды жәдігерлері табылды

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2014
  • 2678

Атырауда сармат дәуірінің құнды жәдігері табылды. Махамбет ауданының Ақ жайық ауылы маңындағы Жанкелді қорымына қазба жұмыстары жасалып, адамның сүйегі, қару-жарақтар мен алтын бұйымдар қазып алынды. Хәлел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері оқу іс-тәжірибесі барысында осындай үлкен олжаға тап болды. Қазба жұмыстары жүргізілген қорғанның көлемі үлкен - диаметрі 41, биіктігі 1 метр.

Археологтардың айтуынша, қорым біздің дәуірімізге дейінгі 2 ғасырда өмір сүрген жасы 25 шамасындағы сармат сарбазының бейіті болуы мүмкін. Ер адамның бас жағынан не үшін қолданылғаны белгісіз 30 түйін алтын табылды. Университет ғалымдары тағы да жаңа жаңалықтар ашуға үміттеніп, қазба жұмыстарын жалғастыруда.

Марат Қасенов
, археолог:

Біздің эрамызға дейінгі 2-ғасырдағы сарматтардың негізгі құрал-жабдықтары мен олардың зергерлік бұйымдарына жатады. Бұл қаңқада қанжар ақинақ, семсер және алтын браслет, алтын моншақ шығып отыр.

Базаргүл ІЗІМОВА