Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда үй ауласы ертегілер әлеміне айналды

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2014
  • 1463

Петропавл қаласының тұрғыны көп қабатты үйдің ауласын ертегілер әлеміне айналдырды. Ағаштар, өсімдіктер мен жануарлардың үлгісін Галина Береза өз қолымен жасады. Шебер ондаған жылдар бойы балабақша меңгерушісі қызметін атқарыпты. Артынша зейнет жасына шығып, маңайдағы балаларды қуантып отыруға бел буған.

Он саусағынан өнер тамған зейнеткер қажетсіз болып қалған заттарды кәдеге жаратып, қарапайым аулаға айрықша кейіп сыйлады. Пальма, маймыл, жылан, піл, тасбақалар - бұл Галина Березаның екі жылдық еңбегі. Мұнда бас-аяғы 50-ге жуық туынды бар. Қазір қарт анаға игі істі жүзеге асыруға көршілері де қол ұшын созып отыр.

Галина Береза
:

Кезінде бұл жер қоқыс мекені болатын. Кейін бәрін өз қолыма алдым. Маңайды жинап, аулаға көрік беретін нәрселерді құрастыра бастадым. Бастамамды көршілерім де бірауыздан қолдап, көмек берді. Кейбіреулері, тіпті, жаңа материалдарды алу үшін қаражатпен қамтып жатады. Алда тағы бірнеше ертегі кейіпкерін істейміз деген ойдамыз.

Абзал ҚҰРМАНКИН