Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде тойдың салтанатты шеруінде жүрген көліктің бірі Сазды өзеніне құлап кетті

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2014
  • 931

Ақтөбеде үйлену тойына арналған салтанатты шеруде жүрген көліктің бірі Сазды өзеніне құлап кетті.

Куәгерлердің айтуынша, үлкен жылдамдықпен жүйткіген автокөліктердің бірінің иесі рөлге ие бола алмаған. Су түбінен шыққан Лексус көлігінде жас жұбайлар мен олардың куәгерлері отырған. Той тойлаушылар алғашында көлікті өз беттерімен судан шығармақ болады. Бірақ нәтиже шықпаған соң, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Оқиға орнына жеткен төтенше жағдай мамандары 3 сағат дегенде су түбіндегі автокөлікті шығарып алды. Абырой болғанда, жолаушылары дін аман. Құтқарушылар жүргізушінің мас болғандығын жеткізді.

Оксана Кичигина, Ақтөбе облыстық ТЖД суда құтқару қызметі бөлімінің басшысы:

Бұл той шеруінде жүрген негізгі көлік болатын. Қалыңдық пен күйеу де сол машинада болды. Жолаушылар судан өз беттерімін шықты. Ал біздің құтқарушылар көлікті жағаға шығарып берді.

Мансұр ЕСҚОЖИН